Текст
8 (71632) 21-7-99
Кеңес беру пункті 87713770133
8 705 169 9046
06.05.2026
Отан қорғаушылар күніне орай ересек және мектепалды топтарының ұлдары арасында «Көңілді старт» ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің ептілігін, шапшаңдығын, батылдығын дамыту және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сайыс барысында балалар түрлі қызықты эстафеталық ойындарға қатысып, өздерінің белсенділіктері мен ұйымшылдықтарын көрсетті.
Болашақ Отан қорғаушылар спорттық тапсырмаларды көтеріңкі көңіл-күймен орындап, достық пен бірліктің үлгісін көрсете білді. Балалардың қуанышты сәттері мерекелік көңіл-күй сыйлап, сайыс өте тартысты әрі көңілді өтті.