8 (71632) 21-7-99
Кеңес беру пункті 87713770133
8 705 169 9046
01.04.2026
Зеренді ауданында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымының шығармашыл психологы» атты аудандық бейнежазбалар байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау шарттарына сәйкес қатысушылар өз бейнежазбаларында ата-аналармен, педагогтермен және тәрбиеленушілермен жұмыс барысында психологтың жаңашыл, шығармашылық көзқарасын көрсетуі тиіс болды. Сонымен қатар, жұмыстарда маманның диагностикалық, кеңес беру, дамытушылық (түзету), психологиялық-педагогикалық ағарту және ұйымдастыру-әдістемелік бағыттардағы кәсіби қызметі қамтылды.
Байқау қорытындысы бойынша бөбекжайымыздың педагог-психологі Какенова Самал Ергалиевна жүзделі І орынға ие болып, облыстық ІІ кезеңге жолдама алды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!