Текст
8 (71632) 21-7-99
Кеңес беру пункті 87713770133
8 705 169 9046
20.10.2026
20.10.2026 күні бөбекжайымызда асыл еңбектерімен бүлдіршіндеріміздің денсаулығы мен көтеріңкі көңіл күйіне үлес қосып жүрген аяулы аспаздарымызды кәсіби мерекелерімен құттықтадық!
Аспаздық – тек ас дайындау емес, ол үлкен жауапкершілікті, шеберлікті, мейірім мен жүрек жылуын талап ететін мамандық. Күн сайын балаларымызға дәмді әрі құнарлы ас әзірлеп, қамқорлық танытып жүрген аспаздарымыздың еңбегі әрдайым құрметке лайық!
Құрметті аспаздарымыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Дастарқандарыңыз әрдайым берекеге толып, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін!🌹🌹🌹